31.08.2011, 14:47 6788

Атырау облысында лаңкестік топтың 18 мүшесі құрықталды

Олардың 6-уына сот тұтқынға алуға санкция берді. Бұл туралы брифингі барысында бүгін Атырау облысының прокуроры Сейфолла Кемалов мәдім етті.

Атырау. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Атырау облысында лаңкестік топтың 18 мүшесі құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агеттігінің хабарлауынша, Атырауда лаңкестік актілер әзірлеуге күдікті 18 адам ұсталды.

Олардың 6-уына сот тұтқынға алуға санкция берді. Бұл туралы брифингі барысында бүгін Атырау облысының прокуроры Сейфолла Кемалов мәдім етті.

Ұсталған адамдардың бәрі - ер адамдар, Атырау облысының тұрғындары. Олар ҚР ҚК-нің 233-бабы бойынша (лаңкестік) айыпталуда.

С.Кемаловтың айтуынша, аймақта лаңкестік актілер жасауға әзірленуге қатысы бар адамдарды анықтауға және тұтқындауға біраз уақыт жұмсалды.

"29 тамызда жүргізілген операция барысында күдіктілердің бірі елеулі қарсылық көрсетіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ атты. Одан кейін жарылғыш құрылғыны іске қосуға әрекет жасады. Ұстау барысында оның көзі жойылды", - деп хабарлады С.Кемалов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны