24.06.2013, 11:30 2934

Атырау облысында мұнайшылар кентіне қарулы шабуыл жасалды

Аймақтық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, шабуыл 23 маусым күні түнде Қызылқоға ауданы Мұқыр кентінің маңында орналасқан мұнай компанияларының бірінің вахталық кентіне жасалды. Елді мекенге көлікпен келген бір топ адам қарумен қоқан-лоқы көрсете отырып, күзетшіні, шеберді және жұмысшылардың бірін тепкінің астына алды. Олардың ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын "олжалап", қараларын батырған.

Атырау. 24-маусым. Kazakhstan Today - Атырау облысында мұнайшылар кентіне қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аймақтық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, шабуыл 23 маусым күні түнде Қызылқоға ауданы Мұқыр кентінің маңында орналасқан мұнай компанияларының бірінің вахталық кентіне жасалды. Елді мекенге көлікпен келген бір топ адам қарумен қоқан-лоқы көрсете отырып, күзетшіні, шеберді және жұмысшылардың бірін тепкінің астына алды. Олардың ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын "олжалап", қараларын батырған.

"Қылмыскерлерді іздеуге дабыл бойынша ІІД криминалдық полиция басқармасының және Қызылқоға АІІБ-нің жеке құрамы көтерілді. Шабуыл жасағандардың тұлғасы анықталды. Жеті адам да Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жантерек ауылының тұрғындары болып шықты. Шабуыл жасағандардың жасы 22-26 аралығында. Олардан аңшы мылтығы мен вахталық кентке келген көлік тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы тергеу абақтысына тоғытылды. Бүгінде қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде", - деп атап өтті Г.Мұхтарова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны