Система Orphus

Атырау облысында өлі 70 бұйра бірқазан табылды

17.04.2015, 20:09 2302

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Норт Каспиан Оперейтинг компаниясы құстардыӊ көктемгі есебін өткізу кезінде Атырау облысы Құрманғазы ауданында Қиғаш өзенініӊ суы таяз аумағында өлі 70 бұйра бірқазан табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұйра бірқазан (Pelecanus crispus) құстардыӊ сирек кездесетін түрлерініӊ тізбесіне кіреді.

Осы факт бойынша ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініӊ Атырау облыстыӊ аумақтық инспекциясымен аталмыш фактіні тексеру үшін жұмыс тобы құрылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны