18.03.2013, 09:27 3388

Атырау облысында өткен демалыс күндері қатты дауыл соқты

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 16 наурыз күні түс мезгілінде желдің екпіні 20 метр секундқа жеткен. Атырауда табиғи апат салдарынан перзентхананың, тағы бір көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жұлынып, бірнеше тұрғын үй мен әкімшілік ғимараты бүлінген.

Атырау. 18-наурыз. Kazakhstan Today - Атырау облысында өткен демалыс күндері қатты дауыл соқты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 16 наурыз күні түс мезгілінде желдің екпіні 20 метр секундқа жеткен. Атырауда табиғи апат салдарынан перзентхананың, тағы бір көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жұлынып, бірнеше тұрғын үй мен әкімшілік ғимараты бүлінген.

Жергілікті ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығынан бөлек Исатай ауданы зардап шекті, мұнда жел аудандық аурухананың, емхана мен орта мектептің шатырын жұлып әкеткен.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, шығын көлемі анықталуда.

Синоптиктердің хабарлауынша, дауыл Каспий теңізі циклоны мен антициклонның ықпалынан пайда болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны