Система Orphus

Атырау облысында үгіт керуені өз жұмысын бастады

26.05.2014, 21:12 770

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Атырау облысында "Жолдау - әр отбасына" атты үгіт керуені өз жұмысын бастап, жолға шықты.

Бұл үгіт керуеннің мақсаты - облыстағы елді-мекендерге барып, Елбасы жолдауын насихаттап, халыққа тегін медициналық тексерістер жүргізіп, кәсіпкерлік және өзге салалар бойынша кеңес беру болып табылады, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Атырау қаласына қарасты Қайыршақты селолық округіне ат басын тіреді. Керуен құрамындағы облыстық аурухананың дәрігерлері Томарлы елді мекеніндегі емханада болып, тұрғындарға тегін қызмет етті. Мұнда медициналық тексеруден өтуге келген ауыл тұрғындары да аз болмады.

Елбасының Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіріп, оны іске асыру мақсатында құрылған үгіт керуені құрамында 25 адам қызмет етеді.

Дәл қазір дәрігерлер емханада қызу жұмыс үстінде. Сондай-ақ, күні кеше қуыршақ театры да мәдениет үйінде кішкентай көрермендеріне тегін өнер көрсетті. Бүгінгі бастау алған керуеннің бірінші кезеңі маусым айының аяғына дейін жүргізіледі.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны