28.10.2011, 13:58 3393

Атырау облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша 8 жаңа өндіріс ашылды

Қазір өңірде медициналық шприцтер, химиялық құралдар және мұнай өндірісіне қажетті қоймалар шығарылады.

Атырау. 28-қазан. Kazakhstan Today - Атырау облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша 8 жаңа өндіріс ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, қазір өңірде медициналық шприцтер, химиялық құралдар және мұнай өндірісіне қажетті қоймалар шығарылады.

Ал, полиэтилен және металлопластикалық құбыр шығаратын зауыт өндіріс ауқымын арттырып, өнім түрлерін ұлғайтуды жоспарлауда. Полиэтилен өндіретін зауыт алдағы уақытта 10-нан астам жаңа өнім түрлерін шығарумен айналысады. Олардың қатарында диаметрі 25-1200 миллиметрлік полиэтиленді су және газ құбырлары бар. Ал, металлопластикалық құбырға арнайы тапсырыс беру қажет. Зауыттың жылдық өндіріс қуаты 2 мың тоннаны еңсереді. Кәсіпорын іске қосылғалы 30 адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпорында тұрғын үйлерді, өндіріс орындарын ыстық сумен қамтуға қажетті құбырлар өндіріледі. Бұған дейін Қазақстан металлопластикалық құбырларды Түркия, Қытай мен Ресейден сатып алатын. Қазір Атырау зауытының өнімі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан елдеріне экспортталады. Кәсіпорын алдағы уақытта өнім түрлерін әлі де арттыруды жоспарлауда.

"Болашақта жаңа құбыр түрлерін шығаруды ойластырудамыз. Бұл ПЕРТ материалынан жасалған бір қабатты құбырлар. Оның диаметрі 630 миллиметр болады" - деп мәлім етті Полиэтилен өндіретін зауыттың менеджері Серік Дүйсекенов.

Жуырда зауыт жанынан тағы бір цех құрылысы басталды. Онда кәріз жүйесіне арналған диаметрі 80-400 миллиметрлік арматуралар өндіріледі. Келесі жылы іске қосылатын кәсіпорын құрылысына 40 млн доллар қаржы салынған. Цехтың жылдық өндірістік қуаты 30 мың тонна болмақ. Кәсіпорынның іске қосылуымен 75 жұмыс орны ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны