11.08.2015, 12:48 3861

Атырау облысында Жайық өзені жасыл түске боялды

Атырау облысында Жайық өзеніне көп көлемде жасыл бояу ағызылған. Бұл туралы бүгін аймақтағы табиғатты қорғау прокуратурасынан хабарлады

Атырау. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Атырау облысында Жайық өзеніне көп көлемде жасыл бояу ағызылған. Бұл туралы бүгін аймақтағы табиғатты қорғау прокуратурасынан хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске сала кетейік, 8 тамызда облыс орталығыныӊ тұрғындары су жүргізетін құбырдағы судан дусттыӊ (зиянды жәндіктерді жоюға арналған улы ұнтақ) дәмі шығатынына шағымданған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Алайда кеше "Атырау су арнасы" компаниясыныӊ өкілдері жағымсыз иіс Жайықтыӊ жасыл түске боялуына байланысты су сапасыныӊ нашарлауымен байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны