09.10.2018, 14:16 5171

Атырау облысында жаӊа ХҚО пайда болды

Атырау облысыныӊ әкімдігініӊ қолдауымен Исатай ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған зәулім ғимарат салынып, ауданныӊ 90 жылдыӊ мерейтойына орай жаӊа Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ ашылу салтанаты өтті.

Атырау. 9 қазан. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Атырау облысыныӊ әкімдігініӊ қолдауымен Исатай ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған зәулім ғимарат салынып, ауданныӊ 90 жылдыӊ мерейтойына орай жаӊа Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ ашылу салтанаты өтті.

Шарада аудан әкімі Марат Мурзиев пен облыстық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы, Исатай ауданыныӊ перзенті, Жылыой ауданыныӊ "Құрметті азаматы" Ғаббас Хисметуллин аудан тұрғындарын құттықтаса, филиал директоры Мұса Хайруллиев пен "Құрмет" орденініӊ иегері Құрманғазы, Исатай аудандарыныӊ "Құрметті азаматы" Зұлбыхар Сүйінішев жаӊа ғимараттыӊ лентасын қиды.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сай, бүгінгі таӊда халыққа қызмет көрсету, тұрғындардыӊ іс-құжаттарын рәсімдеу, қолжетімділікті арттыру еліміздіӊ басты жетістіктерініӊ біріне айналуда. Осыныӊ бір дәлелі - бүгіннен бастап аудан тұрғындары өздеріне ыӊғайлы, әрі жаӊа орында мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады. Мұныӊ бәрі корпорацияныӊ сіздерге жасап жатқан игі істері деп қабылдаӊыздар",- деді Исатай ауданыныӊ әкімі Марат Бисенғалиұлы.

Енді бөлімніӊ 19 қызметкері Аққыстау кенті Е.Есжанұлы 25 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратта 30 мыӊға жуық аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.

"Бұрын бөлімніӊ ескі ғимаратыныӊ қызмет көрсету залы 40 шаршы метр болса, қазіргі жағдайда 200 метрді құрап, 5 есеге ұлғайғанын айта кету керек. Яғни бір мезетте 50 адамды қабылдауға толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар өз-өзіне қызмет көрсету секторы да кеӊейіп, халықтыӊ цифрлық сауаттылығын көтеруге жағдай жасалуда", - деді филиал директоры Мұса Хайруллиев.

Биылғы жылдыӊ статистикасына көз жүгіртсек, бөлім 9 айда 42 мыӊнан астаммемлекеттік қызмет көрсеткен.

"Азаматтарға арналған үкімет"

мемлекеттік корпорациясы

Атырау облысы бойынша филиалы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны