15.05.2008, 10:50 1246

Атырау облысының әкімдігі келісімшарт талаптарын орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан жер телімдерін тәркілеуді көздеп отыр

Атырау облысының әкімдігі келісімшарт талаптарын орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан жер телімдерін тәркілеуді көздеп отыр

Атырау. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысының әкімдігі келісімшарт талаптарын орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер телімін тәркілеуге дейінгі қатаң шаралар қабылдауды көздеп отыр. Бұл туралы жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен арнайы жиналыста обыс әкімінің орынбасары Сәрсенбай Еңсегенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Аталмыш шешімге сәйкес, келісімшарт талаптарын 70 пайыздан да жоғары орындамаған компаниялардың барлығы 1 маусымнан бастап берілген жерде қандай да бір қызмет ету құқынан айырылады.

Атырау облыстық жер қойнауын пайдалану геологиясы инспекциясының мәліметтеріне сүйенсек, облыста мамыр айының басында 27 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олар 54 нысанда жұмыс істейді. Инспекция нәтижелері жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы бірдей табиғат пайдалану рұқсатын ала қоймағандығын көрсетті. Олардың кейбірі жерді пайдалану актісін рәсімдемеген.

С. Еңсегеновтың атап өткеніндей, аумаққа барлау жүргізу тендеріне қатысқан кезде көптеген компаниялар жоғарғы келісімшарттық міндеттемелер алады. Алайда, келісімшартты алғаннан соң міндеттемелерін орындамайды. Жерді барлау үшін емес, әрі қарай қайта сататын тауар ретінде алатын фирмалар да бар.

"Келісімшарттарды бұзу және кәсіпорындарды жер қойнауын пайдалану құқынан айыру, әрине, салық мөлшері және адамдардың жұмыс орындарынан айырылуы секілді шығындарды әкеледі. Алайда, соған қарамастан, атқарушы билік бұны аяғына дейін жеткізуді көздеп отыр", - деп атап көрсетті әкімнің орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны