02.10.2012, 10:21 3089

Атырау облысының әкімшілігі аймақтық газ құбырларын еліміздің меншігіне өткізеді

Бұл жайлы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау. 2-қазан. Kazakhstan Today - Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов және "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ (ҚТГА) Бас директоры Қайрат Шәріпбаев 27 қыркүйекте аймақтың газ құбырларын және ондағы құрылғыларды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру ниеті туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайлы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, Атырау облысының әкімдігі аймақтың газ құбырларын және ондағы құрылғыларды, сондай-ақ ғимаратты, арнайы техниканы, автокөлікті және өзге мүлікті Атырау облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке береді. Газ құбырларын тапсыру кезеңі ішінде "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясымен сенімді басқаруға беру туралы келісімшартқа қол қойылмақшы. Осылайша, ҚТГА Атырау облысын газбен жабдықтау бойынша бірыңғай оператор ролін атқаратын болады.

Меморандумға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, облысты үздіксіз газбен жабдықтау және аймақтағы газбен жабдықтау желілерінің технологиялық біртұтастығын ескере отырып газ құбырларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ соңғы тұтынушылар үшін тарифтерді теңдестіру қажеттілігі үшін қол қойылып отыр.

"ҚазТрансГаз Аймақ" қол қойылған меморандум шеңберінде аймақты үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге кепілдік береді. Сонымен қатар Атырау облысының газ тарату жүйелерін пайдалануға қатысы бар қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтап қалатын боламыз" - деп атап өтті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры.

Атырау облысындағы пайдаланылатын газ құбырларының жалпы ұзындығы 4 мың шақырымды құрайды. Облыс бойынша тауарлық газды тұтынудың жалпы көлемі 1,3 млрд. текше метрді құрайды (жылына).

Облыстың газ құбырларын және өзге активтерін коммуналдық меншіктен реаспубликалық меншікке беру 2012 жылдың IV тоқсанында іске асырылады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта Атырау облысында "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ өндірістік филиалы тіркелген және жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны