13.06.2007, 16:17 2770

Атырау облысының ауылдық округтерінің бірінде аусылға қатысты карантин тоқтатылды

АСТАНА. 13 - маусым. Kazakhstan Today. Атырау облысының Қызылқоға ауданының Сағыз ауылдық округінде аусылға қатысты карантин тоқтатылды, деп хабарлады сәрсенбіде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Аудан әкімінің қаулысына сәйкес 11-маусымнан бастап Сағыз аулындағы карантин тоқтатылды, төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты жұмыстар толық көлемде аяқталды",- деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, ең алғаш аусыл дертін жұқтырған малдар Сағыз ауылдық округінде мамырдың ортасында анықталған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша ауырған малдардың саны 2136 құраған. Ауданда малдарға вакцина егіліп, тұрғындар тексеруден өткен.

Сонымен қатар, аусылға қатысты эпидемияға қарсы шаралар Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында жалғасуда. Онда 12-маусымдағы жағдаймен 441 сиыр анықталып, өртелген. Індет ошағында 3544 ірі қара мал мен 3827 ұсақ малға, ал қауіп төнген аймақтарда - 21 042 ірі қараға және 20 804 ұсақ малға, облыс бойынша 227 201 сиырға вакцина егілген, деп хабарлады баспасөз қызметінен. Сонымен қатар, 300-ден астам қораларға дезинфекция жүргізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны