30.06.2010, 11:16 3641

Атырау облысының екі ауданында уақытша тергеу изоляторлары жабылды

Н. Құлбаев ішкі істер департаментімен, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру қызметтерімен бірлесе отырып өткізілген тергеу нәтижесі бойынша Ендір және Құрманғазы аудандарының уақытша тергеу изоляторлары жабылғанын хабарлады.

Атырау. 30-маусым. Kazakhstan Today Прокуратура Атырау облысының екі ауданындағы уақытша тергеу изоляторларын жапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық прокуратураның тергеу заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы Нұрлан Құлбаевқа сілтеме жасай отырып.

Н. Құлбаев ішкі істер департаментімен, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру қызметтерімен бірлесе отырып өткізілген тергеу нәтижесі бойынша Ендір және Құрманғазы аудандарының уақытша тергеу изоляторлары жабылғанын хабарлады. "Уақытша тергеу изоляторларында су құбыры желілері мен санитарлық-техникалық желілер атымен жоқ. Сондай-ақ, өрт сөндіру құралдары да көзге түспеді. Орындарда адамдарға жасалатын ең қарапайым жағдайлар жасалмаған. Еден де, су да жоқ", - деді Н. Құлбаев.

Ол сондай-ақ, уақытша тергеу изоляторларының қызметіжалғастыруына анықталған жайттарды қалпына келтіргеннен кейін ғана рұқсат берілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны