13.05.2015, 15:28 3647

Атырау облысыныӊ екі тұрғыны заӊсыз 36 кг астам балық аулады

Қайықты тексерген кезде 27 кг сазан, 9 кг астам уылдырығы бар шоқыр балығы мен ау анықталды.

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - "Бекіре - 2015" балық қорғау акциясы аясында ҚР АШМ Орман және аӊшылық шаруашылығы комитетініӊ Атырау облыстық инспекциясыныӊ қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында Жайық өзенінде қайықты басқарған Құрманғазы ауданыныӊ екі тұрғыны тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қайықты тексерген кезде 27 кг сазан, 9 кг астам уылдырығы бар шоқыр балығы мен ау анықталды.

Алынған балық мемлекеттік монополия субъектісі ретінде Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытына өткізілді.

Осы факті бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны