05.01.2010, 17:38 3064

Атырау облыстық экономикалық соты көпірдің құлауынан бюджетке келтірілген 1 миллиард 314 миллион теңге шығынды өтеуді міндеттеді

Атырау облыстық экономикалық соты көпірдің құлауынан бюджетке келтірілген 1 миллиард 314 миллион теңге шығынды өтеуді міндеттеді

Атырау. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облыстық экономикалық соты "Құрылыс Қызмет-S" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жайық арқылы салынып жатқан көпір аралығының құлауы салдарынан облыс бюджетіне келтірілген 1 миллиард 314 миллион теңге шығынды өтеуді міндеттеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Сегіз адамның өмірін қиған бұл оқиға 2009 жылы қыркүйектің 12-сінде болған еді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваның хабарлауынша, істің мән-жайын тексеру барысында Жайық өзені арқылы салынып жатқан көпірдің құрылысына мердігерлік шарт "Құрылыс Қызмет-S" серіктестігімен жасалғаны анықталды. Облыстық бюджеттен сол компанияның есепшотына ақша аударылған. Ал ол компания өз кезегінде құрылысқа алматылық "Трансстроймост" акционерлік қоғамын тартқан. Комиссия анықтағандай, көпір аралығының құлауына құрылысшылардың салғырттықтары мен кәсіби біліксіздіктері, сондай-ақ мердігер компанияның тарапынан лайықты бақылаудың болмауы себеп болғанын анықтады.

Комиссияның қорытындысы бойынша, шығын сомасы 1 миллиард 314 миллион 711 мың 760 теңгені құрады. "Құрылыс Қызмет-S" серіктестігінің өкілі сотта арыз-талаптарды мойындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны