10.12.2018, 01:47 7200

Атырау шекара отрядына қарасты "Евразия" заставасыныӊ шекара наряды жарты тоннаға жуық қымбат бағалы балық өнімдерін тәркіледі

Табылған өзен байлығы актіленіп, сол маӊдағы балық өӊдеу зауыттарыныӊ біріне тапсырылды.

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Атырау шекара отрядына қарасты "Евразия" заставасыныӊ шекара наряды өткен түнде жалпы салмағы жарты тоннаға жуық қымбат бағалы балық өнімдерін тәркіледі.

Өзендеріміздіӊ байлығы өзімізге бұйырсын

Атырау шекара отрядына қарасты "Евразия" заставасыныӊ шекара наряды өткен түнде жалпы салмағы жарты тоннаға жуық қымбат бағалы балық өнімдерін тәркіледі.

Шекара сақшысы шекаралық мұнараныӊ үстінен түн қараӊғылығын тінткілеп тұрып, Жайық-Каспий каналыныӊ маӊынан қолшам жарығын байқап қалған. Лезде қаруланып нұсқалған жерге келіп жеткен дабыл тобы 9 қанарға толтырылып қойылған қымбат бағалы балықтарды тауып алды. Шекарашылардыӊ көліктерін ертерек көздері шалып қалып, іздерін суытып үлгерген "балықшыларды"қазір құқық қорғау орындары іздестіріп жатыр. Белгісіз адамдар тарапына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып та қойған.Табылған өзен байлығы актіленіп, сол маӊдағы балық өӊдеу зауыттарыныӊ біріне тапсырылды.

Ақтөбе отрядыныӊ"Жайсаӊ-авто" өткізу бөлімшесініӊ шекарашылары кеше күндіз Ресейге кетіп бара жатқан "ГАЗ" автокөлігініӊ салонынан 1440 дана қымбат бағалы балықтар салынған бірнеше қап тауып, көлік иесін, 47 жастағы Ресей азаматын ұстаған болатын.

Шығыс шекараныӊ"Семей" шекаралық бақылау отрядына қарасты "Үбе-авто"бөлімшесінде де шекарашылар біздіӊ елден Ресей жаққа жекеменшік "Тойота Лэнд Крузер" автокөлігімен ешқандай құжатсыз, 100 келіге жуық ускуч балығын әкетіп бара жатқан 65 жастағы ресейлікті ұстады. Ұсталған азамат балығымен бірге Шемонайха аудандық карантиндік-ветеринарлық бақылау инспекциясына тапсырылды.

Барымта тоқтатылды

Тараз шекара отрядыныӊ аумағында шекарашылар қырғыз аумағынан біздіӊ елге қарай қуылып келе жатқан бір табын жылқыныӊ алдынан шықты. Оқиға 4 желтоқсан күні таӊғы сағат 4-тер шамасында, аталған отрядтыӊ "Гранитогорск" шекара заставасыныӊ аумағында орын алған болатын. Шекара наряды көрші елдіӊ аумағынан жақындап келе жатқан "дүбірді" сезіп, заставаға шұғыл хабар берген. Аталған заставаныӊ жеке құрамымен бірге жақын маӊдағы Сыпатай батыр заставасы да қаруланып, дабыл тобы шекара бойына аттанды.Дүбір туғызған бір табын жылқыныӊ тұяғы болып шықты. Өкінішке орай, табынды қуып келе жатқандар кері бұрылып, көрші елдіӊ аумағына тереӊдеп үлгеріпті. Жылқылар әзірше біздіӊ елде, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны