31.10.2017, 17:56 8534

Атырауда "ASAR" үшжақты ынтымақтастық форумыныӊ қатысушылары қарар қабылдайды

"ASAR" форумына республиканыӊ барлық өӊірлерінен 200-ден аса бизнес пен азаматтық сектор өкілдері қатысуда.

Атырау. 31 қазан. Kazakhstan Today - Атырауда екінші күн республикалық "ASAR" үшжақты ынтымақтастық форумы өтуде. Форум қорытындысы бойынша қатысушылар үшжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау туралы қарар қабылдайды.

Атап айтқанда, қарар ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттіӊ ынтымақтастық жүйесін жетілдіруге,бизнесті әлеуметтік салаға кеӊінен тартудыӊ тетіктері мен құралдарын жетілдіруге, сондай-аққоғамдық ұйымдардыӊ, бастамашыл азаматтардыӊ әлеуетін пайдалануды жандандыруға бағытталады. Қарар мәтінініӊ толық нұсқасы asar2017.kz сайтында жарияланатын болады.

Бүгін еліміздіӊ әр түрлі өӊірлерінен жиналған үкіметтік емес ұйымдар үшін мастер-класстар өтуде. Шеберлік сабақтарын танымал жаттықтырушылар Эмин Аскеров, Анна Таджимуратова, Асқар Секербаев, Алмагүл Қанағатова, Абай Мырхин, Шолпан Айтенова және т.б. өткізуде. ҮЕҰ өкілдерініӊ кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, краудфандинг (қаражат тарту) негіздерін үйрету және жергілікті өзін-өзі басқаруға өту шартында бизнес пен ҮЕҰ-ныӊ өзара іс-қимыл тәжірибесін жолға қою мақсатында барлығы 8 шеберлік-класы ұйымдастырылды. "ASAR" форумына республиканыӊ барлық өӊірлерінен 200-ден аса бизнес пен азаматтық сектор өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны