01.02.2012, 11:02 3380

Атырауда бірнеше күн ішінде қардың екіжылдық мөлшері түсті

"Кейбір аудандарда қардың қалыңдығы 30 см жеткен. Қазір біз осы төтенше жағдайдың салдарын жоюға баса көңіл аударуымыз қажет. Адамдарды қажетті керек-жарақтарымен қамтамасыз ету керек. Біздің міндетіміз бір аптаның ішінде осы жағдайды қалпына келтіру", - деді Б. Рысқалиев.

Атырау. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Атырауда бірнеше күн ішінде қардың екіжылдық мөлшері түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы табиғи апаттың салдарын жоюға арналған кеңесте облыс әкімі Бергей Рысқалиев мәлім етті.

"Кейбір аудандарда қардың қалыңдығы 30 см жеткен. Қазір біз осы төтенше жағдайдың салдарын жоюға баса көңіл аударуымыз қажет. Адамдарды қажетті керек-жарақтарымен қамтамасыз ету керек. Біздің міндетіміз бір аптаның ішінде осы жағдайды қалпына келтіру", - деді Б. Рысқалиев.

Аймақта республикалық маңызы бар және қаланың негізгі жолдарын тазарту үшін шамамен 200 техника жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны