29.09.2006, 13:48 3307

Атырауда еліміз аумағында заңсыз жүрген Түркия азаматтары ұсталды

АСТАНА. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Атырау облыстық прокуратурасы тексеру барысында еліміз аумағында заңсыз жүрген Түркия азаматтарын анықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Тексеру барысында Түркияның 10 азаматы ұсталды. Олар Қазақстан аумағына 2006-жылдың 24-ақпаны мен 2006-жылдың 17-шілдесі аралығында келген. Қазақстан мен Түркия арасындағы "Екі ел азаматтарын өзара негізде кіріп-шығу визасын алудан босату туралы" келісімнің талаптарын бұзып, бүгінге дейін ешбір виза алмай, республика аумағынан шықпаған.

Қазақстан аумағынан белгіленген мерзімде шығып кетпегені үшін ұсталғандардың үстінен Атырау қалалық прокуратурасы әкімшілік іс қозғады.

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен бұл азаматтар әкімшілік заң бұзғаны үшін айыпты деп танылды. Сот оларды үш тәулікке қамауға алып, республика аумағынан әкімшілік жолмен қудалауға жаза жүктеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны