12.09.2006, 17:35 3132

Атырауда Каспий маңындағы елдердің жоғары оқу орындары қауымдастығының 10-шы ассамблеясы басталды

АТЫРАУ. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін "Атырау" мәдени-көңіл көтеру орталығында Каспий маңындағы елдердің жоғары оқу орындары қауымдастығының 10-шы ассамблеясы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ассамблея жұмысына Атырау облысы мен қаласының басшылығы, ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қазақстан, Ресей, Иран, Изербайжан сынды Каспий маңындағы елдердің жоғары оқу орындарының жетекшілері мен ғалымдары қатысуда.

Мерейтойлық ассамблея екі күн жұмыс істейді. Ол Каспий маңындағы елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығы мен достығын нығайту проблемаларын талқылау үшін шақырылған. Бұған қоса Каспий теңізінің табиғи байлықтары мен қайраңын игеруде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті шешімдер қабылданады.

Ассамблея отырысы аясында Атырау мұнай және газ институтының жаңа студенттер сарайының ашылу рәсімі өтеді. Ассамблеяның жұмыс бағдарламасында сондай-ақ институт ғалымдары мен студенттерінің инновациялық жобаларының көрмесін ұйымдастыру көзделген. Ол студенттер қалашығында орын тебеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны