16.02.2011, 13:02 3819

Атырауда металлопластиктен құбыр жасайтын бірегей зауыт ашылды

Атырауда металлопластиктен құбыр жасайтын бірегей зауыт ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырау. 16 - ақпан. Kazakhstan Today - Атырауда металлопластиктен құбыр жасайтын бірегей зауыт ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, кеше Атырауда жылына 2 мың тонна өнім өндіретін қуаты бар композиттік металлопластикалық құбыр шығаратын кәсіпорын пайдалануға берілген.

Кәсіпорынның бас менеджері Меңдіғали Сапбаевтың айтуынша, зауыт диаметрі 12-110 мм болатын құбырларды шығаруға есептелген.

Жаңа өндіріс нысаны "Шеврон" компаниясына тиесілі, қазір жұмыс істеп тұрған полиэтиленді құбыр шығару зауытының базасында құрылып отыр.

Металлопластиктен құбыр шығаратын өндірістің жаңа желілерінде 37 қазақстандық азамат жұмысқа ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны