27.09.2018, 18:22 4074

Атырауда миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

Миграциялық орталық Балықшы кентініӊ А.Байжігітов көшесінде орналасқан 436 шаршы метр аумақты алып жатқан екі қатарлы ғимаратта орналасқан.

Атырау. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Атырау облыстық ІІД-мен бірлесіп, миграциялық ХҚО ашты. Республикадағы төртінші көші-қон орталығыныӊ ашылу салтанатына Атырау қаласы әкімініӊ орынбасары Полымбет Хасанов, ІІД басшысыныӊ орынбасары Берік Амангелді және корпорацияныӊ филиал директоры Мұса Хайруллиев қатысты.

Бұған дейін мұндай орталық Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ашылған еді. Көші-қон қызметтерін көрсету орталығында шетелдік азаматтарға "бір терезе" қағидаты бойынша бекітілген стандартқа сай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Мұнда 16 корпорация мамандары мен 14 көші-қон қызметі жұмыскерлері сағат таӊғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға болады. Бұған дейін шетелдіктер Атырауда жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бес күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттыӊ ішінде рәсімдей алады.

Миграциялық орталық Балықшы кентініӊ А.Байжігітов көшесінде орналасқан 436 шаршы метр аумақты алып жатқан екі қатарлы ғимаратта орналасқан.

2017 жылы Атырауда "Еӊбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін 42 мыӊнан астам шетелдік азамат пайдаланған, ал биылғы жылдыӊ 8 айында бұл көрсеткіш 37200-ді құрап отыр.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны