19.03.2013, 11:18 3275

Атырауда "NCOC" "Қашаған" кен орнының қоршаған ортаға әсері туралы хабарлайды

Иңгіме кен орнының маусым айына белгіленген кен орнындағы тәжірибелік-өнеркәсіптік өңдеу нысандарын іске қосу жоспары жөнінде өрбімек. Қазіргі уақытта "Қашағанда" 40 ұңғыма бұрғыланды, олар мұнайды өңдеуге, сондай-ақ алдағы уақытта ілеспе газдың қайтадан қыртыстарға жүктелуі үшін қолданылады.

Атырау. 19-наурыз. Kazakhstan Today - "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б. В." ("NCOC") компаниясының хабарлауынша, 20 наурыз күні Атырауда "Қашаған" кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік жобасының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Иңгіме кен орнының маусым айына белгіленген кен орнындағы тәжірибелік-өнеркәсіптік өңдеу нысандарын іске қосу жоспары жөнінде өрбімек. Қазіргі уақытта "Қашағанда" 40 ұңғыма бұрғыланды, олар мұнайды өңдеуге, сондай-ақ алдағы уақытта ілеспе газдың қайтадан қыртыстарға жүктелуі үшін қолданылады.

Тыңдауларда жобаға жалпы сипаттама беріледі, жобалық шешімдер ұсынылып, ағымдағы және төтенше жағдайларға байланысты әсер ету дәрежесі бағаланады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспарланып отырған шаралар, мониторинг және бақылау жөнінде сөз болады. Жобаны әлеуметтік-экномикалық бағалау жүргізілді. Экологтардың пікірінше, NCOC-тың ауаға зиянды заттарды шығару жөніндегі мәлімдемесі ең даулы мәселе болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны