13.02.2012, 13:10 3947

Атырауда үш көше жарықсыз қалды

Үйлері электр энергиясымен жұмыс істейтін газ қазандықтарымен жылытылатын тұрғындардың алаңдаған алғашқы қоңырауларына "Атырау-Жарық", жөндеу бригадасы жөнелтілгенін және жарты сағаттың ішінде жарық қайта қосылатындығын айтқан. Дегенмен, бір сағаттан кейін диспетчер желіде үш бригада жұмыс істеп жатқандығын және апаттың салдары жақын уақытта анықталатындығын айтты.

Атырау. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Атырауда үш көше жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырауда Тұрғынқалашығы шағын ауданының Бимағанов, Оңдасынов және Водозаборный өтпе жолы көшелері сенбіден жексенбіге қараған түні жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Үйлері электр энергиясымен жұмыс істейтін газ қазандықтарымен жылытылатын тұрғындардың алаңдаған алғашқы қоңырауларына "Атырау-Жарық", жөндеу бригадасы жөнелтілгенін және жарты сағаттың ішінде жарық қайта қосылатындығын айтқан. Дегенмен, бір сағаттан кейін диспетчер желіде үш бригада жұмыс істеп жатқандығын және апаттың салдары жақын уақытта анықталатындығын айтты.

20 градус аязда 3 көшенің жылусыз және жарықсыз қалуының себебін тұрғындар көшеге шығып, өздері анықтады. Анықталғандай, өткен жылы жазда салынған үлкен коттедждердің бірінің бассейнінде тоқ кабелі тұйықталған. Бұл болжамды көп ұзамай энергетиктер де растады.

Коттедждегі ақауды жоюға 7 сағат уақыт жұмсалды. Осы уақыт бойы 3 көше жарықсыз және жылусыз қалуға мәжбүр болды. Тұрғындар "Атырау-Жарық" мекемесінің үстінен арызданбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны