23.07.2014, 19:15 6676

Атыраудағы заманауи өнер фестивалі мүгедек балаларды емдеуге қаражат жинайды

Атырауда 21-26 шілде аралығында заманауи өнер фестивалі Art WeekAtyrau өтіп жатыр, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. Атырауда 21-26 шілде аралығында заманауи өнер фестивалі Art WeekAtyrau өтіп жатыр, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

"Фестивальге қатысуға ниет танытқандардың әрқайсысына өзінің шығармашлық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті жоба еріктілері Ардақ Байдәулетова мен Айназ Молдағалиева.

Фестиваль өзінің өнерімен бөлісуге дайын жергілікті суретшілердің, фотографтардың, стилистер мен handmade шеберлерін және басқалардың басын қосты.

Сонымен, фото ісі, аспаздық, кинолог сабақтары, визажист, стилист, вокал сабақтары, би мен йога бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі.

Шарадан жиналған қаражат атыраулық аутизмге, БЦСА-ға және психологиялық дамуы кідіріп қалған балалардың ем-домына жұмсалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны