18.06.2010, 12:25 2934

Атыраудың табиғатты қорғау прокуратурасы "Теңізшевройл" компаниясына 500 млн теңгеден астам қаржы төлетті

Оның айтуынша, "прокурордың ұсынысымен "ТШО" ААҚ ауаға нормативтен тыс зиянды заттар бөлуге қатысты үш дерек бойынша 500 млн теңгеден астам қаржы төлеткен. Бұл жағдай өткен жылдың сәуір айының 14 мен 18 аралығында тіркелген болатын. Кейіннен Атырау табиғатты қорғау прокуратурасы Орал-Каспий экология департаментіне тиісті шара қолдану жөнінде ұсыныс енгізген болатын".

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today Атыраудың табиғатты қорғау прокуратурасы "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясына 500 млн теңгеден астам қаржы төлетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіоблыстық прокуратураның баспасөз қызметінің бастығы Светлана Джумашеваға сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, "прокурордың ұсынысымен "ТШО" ААҚ ауаға нормативтен тыс зиянды заттар бөлуге қатысты үш дерек бойынша 500 млн теңгеден астам қаржы төлеткен. Бұл жағдай өткен жылдың сәуір айының 14 мен 18 аралығында тіркелген болатын. Кейіннен Атырау табиғатты қорғау прокуратурасы Орал-Каспий экология департаментіне тиісті шара қолдану жөнінде ұсыныс енгізген болатын".

С. Джумашева хабарлауынша, "өкілетті орган ҚР ИҚК 243 бабы бойынша 45 108 620 теңге көлемінде үш әкімшілік айыппұл салған". Сонымен қатар, компанияға қоршаған ортаға келтірген залалын өтеу туралы 464 412 067 теңге көлемінде талап қойылған. Сөйтіп, прокурорлық қадағалау шараларын қабылдау нәтижесінде ТШО компаниясы үстіміздегі жылдың 11 маусымында мемлекет қазынасына 509 520 687 теңге төледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны