27.10.2009, 12:07 1519

"АтырауИнжСтрой" құрылыс компаниясынан шамамен 450 млн теңге өндіріп алу жөнінде ұсыныс жолданды - прокуратура

"АтырауИнжСтрой" құрылыс компаниясынан шамамен 450 млн теңге өндіріп алу жөнінде ұсыныс жолданды - прокуратура

Атырау. 27 қазан. Kazakhstan Today - Атырау облыстық прокуратурасының 2009 жылдың 9 айында "АтырауИнжСтрой" ЖШС-нің қызметінде Қазақстан Республикасы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заңының қолданылуына, оның ішінде лицензиялық-шарттық міндеттемелердің орындалуына тексеру тағайындалып, тексеру кезінде Атырау облысының Махамбет ауданы "Қызылжар" учаскесінде "АтырауИнжСтрой" ЖШС 15,1427 гектар жер қойнауын жалпы кең тараған қазбаларды рұқсат құжаттарсыз заңсыз алып жатқандығы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жинақталған құжаттар бойынша Жайық-Каспий экологиялық департаменті мемлекеттік инспекторының есебі бойынша серіктестіктің заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 444 286 818 теңге залал келтірілгені анықталды".

"Осыған байланысты облыстық прокуратура аталған фактілер бойынша "АтырауИнжСтрой" ЖШС-нің лауазымды иелеріне әкімшілік жаза қолдану жөнінде және мемлекетке келтірілген залалды өндіру жөнінде Жайық-Капий экологиялық департаментіне ұсыныс жолдады",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны