18.07.2016, 16:58 4122

Атыс салдарынан зардап шеккен 8 адам Алматы ауруханаларына жатқызылды

Жедел көмек ауруханасына 5 адам, орталық қалалық клиникалық ауруханасына 2 адам, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына 1 адам жатқызылды.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - 17.00-дегі жағдайға сәйкес Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасыныӊ мәліметі бойынша бүгін таӊертеӊ қалада орын алған атыс салдарынан зардап шеккен 8 адам қалалық медициналық ұйымдарда ем алуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жедел көмек ауруханасына 5 адам, орталық қалалық клиникалық ауруханасына 2 адам, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына 1 адам жатқызылды.

Пациенттердіӊ жағдайы ауыр деп бағалануда. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауруханалар керекті дәрілік заттармен толыққанды қамтамасыз етілген. Республикалық санитарлық авиация орталығы дайын тәртіпте.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны