26.01.2016, 14:35 4761

Аты-шулы "Қорғас ісіне" қатысы бар тағы 1 қылмыскер ұсталды

Аты-шулы "Қорғас ісіне" қатысы бар тағы бір қылмыскер ұсталды . Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Аты-шулы "Қорғас ісіне" қатысы бар тағы бір қылмыскер ұсталды . Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ 22 қаӊтарында Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы "Қорғас" қылмыстық ісі бойынша ұйымдасқан қылмыстыӊ топтыӊ белсенділерініӊ бірі Е.Малыбаевты ұстады. Е.Малыбаев 2007-2011 жылдары аралығында қылмыстық топтыӊ құрамында жүріп, контрабандалық жолмен Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы аумағына өте ірі көлемде жүктер мен тауарларды жеткізумен айналысқан құрылымдық бөлімшеніӊ жетекшісі болған. Е.Малыбаев 2011 жылдыӊ мамырынан іздеуде болды және қолда бар ақпараттарға сәйкес Ресей Федерациясы, Түркия және Қырғыз Республикасы аумақтарында бой тасалаған",- делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жалпы, ведомство ақпаратына сәйкес, "қорғасы ісі" бойынша 31 адамға іздеу жарияланып, оныӊ 30 ұсталған. Олардыӊ 3-еуі Біріккен Араб Имірлігінен, 1-еуі Ресейден және тағы біреуі Қырғызстаннан елге қайтарылды.

"Қазіргі уақытта аталған қылмыстық істіӊ Түркияда ұсталған соӊғы фигурантын Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілу үстінде", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны