11.06.2015, 15:21 4274

Атышулы Мақсат Үсеновтыӊ әкесі ұсталғаны ресми түрде расталды

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Құрылыс департаментiнiӊ бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтыӊ ұсталғанын растады

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Құрылыс департаментiнiӊ бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтыӊ ұсталғанын растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ия, ол ұсталды. Тергеу жүрiп жатыр, әзiрге ештеӊе айта алмаймын. Кейiн қосымша ақпарат беремiз. Бюджеттiк қаржыға қатысты мәселе", - деп хабарлады журналистерге ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi төрағасыныӊ орынбасары Алик Шпекбаев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Агенттiк төрағасыныӊ орынбасары Қажымұрат Үсеновтыӊ "Астана ЭКСПО-2017" компаниясындағы қызметiне қатысты ұсталғанын растады.

Айта кетейiк, бүгiн БАҚ-та "Астана ЭКСПО-2017" компаниясы Құрылыс департаментiнiӊ бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтыӊ кеше ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Естерiӊiзге сала кетейiк, Қажымұрат Үсенов қоғамды дүрлiктiрген жол апатына кiнәлi Мақсат Үсеновтыӊ әкесi. Осы оқиғадан кейiн Қажымұрат Үсенов өз қалауымен жұмыстан кеткен болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны