14.02.2017, 20:16 5110

Атлеттер ауылындағы барлық жиһаздар мен тұрмыстық техника Алматыныӊ әлеуметтік мекемелеріне берілді

"Универсиада мұрасы" жобасы аясында Атлеттер ауылындағы 140 мыӊнан астам тұрмыстық заттар, оргтехника, арнайы қондырғылар Алматы қаласыныӊ 500 әлеуметтік мекемелері арасында бөлінді.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Атлеттер ауылындағы барлық жиһаздар мен тұрмыстық техника Алматыныӊ әлеуметтік мекемелеріне берілді,- деп хабарлайды қала әкімдігі.

"Универсиада мұрасы" жобасы аясында Атлеттер ауылындағы 140 мыӊнан астам тұрмыстық заттар, оргтехника, арнайы қондырғылар Алматы қаласыныӊ 500 әлеуметтік мекемелері арасында бөлінді.

Спортшылар үшін алынған төсектер, тоӊазытқыштар, кір жуатын машиналар, светильниктер, тумбалар, столдары, үтік тақталары, телевизорлар, медициналық қондырғылар,офистік техника - барлығы 450-ге жуық заттар қала ауруханаларына, мектептерге, емханаларға, бала бақшаларға, колледждерге, спорт мектептеріне, жатақханаларға, ардагерлер үйіне таратылды.

"Қала ауруханаларында бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілді, материалдық -техникалық база жақсарды, қызметкерлер ағылшын тілі курсынан өтті. Ойындар аяқталғалы бері біз Универсиаданыӊ оӊ әсерін сезінудеміз. Бізге қондырғы, жиһаз, оргтехника берілді. Бұлардыӊ барлығы келген адамдарға сапалы қызмет көрсетуге көп мүмкіндік береді. Мысалы, ота жасалған сырқаттардыӊ тез сауығуы үшін жайлы ортопедиялық матрацтар қашанда керек",- атап өтті Перинатология және балалар кардиохирургиясы Орталығы директорыныӊ орынбасары Гаухар Көшкімбаева.

"Қала әкімшілігі Алматыдағы Ойындардан соӊ спорт объектілерінде қалған барлық жаӊа жиһаздарды, техникаларды, түрлі қондырғыларды мегаполистіӊ әлеуметттік мекемелеріне бөліп беру туралы шешім қабылдаған еді. Бұл бізге үлкен қолдау, әсіресе үйлерінен жырақта, жатақханада тұратын балалар үшін", - деді Алматы мемлекеттік Энергетика және электронды технология колледжініӊ директоры Төлеуғали Тайтүлеев.

Универсиада обьектілерін пайдалану және ұстау жөніндегі директор Сергей Апенко барлық техникаларды, жиһаздар мен қондырғыларды әлеуметтік мекемелерге тарату туралы шешімді қала басшылығыныӊ Универсиада қарсаӊында қабылдағанын айтты.

"Қала әкімдігі әлеуметтік мекемелерден қандай техника, жиһаз қажеттігі жөнінде өтінім алып, арнайы тізім жасаған болатын. Яғни, әрбір төсек, телевизор нақтылы мекенге жеткізіліп, дұрыс пайдаға асады", -деді С.Апенко.

Назарларыӊызға, Алматыда Универсиада тарихында алғаш рет 5000 мыӊ орынды Атлеттер ауылы салынды. "Универсиада мұрасы" аясында бұл тұрғын кешені үй кезегінде т ұрғандар арасында бөлінеді, соныӊ арқасында мегаполистегі үй кезегі 10%-ға азаяды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны