26.03.2020, 14:50 17158

Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкері санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізбестен санитарлық кітапша бергені үшін сотталды

А. ж. 19 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Ихсанғалиева 480 мың теңге көлемінде айыппұлға сотталды.

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкері санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізбестен санитарлық кітапша бергені үшін сотталды.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің Атырау қалалық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Ж.Ихсанғалиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ихсангалиева санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізбестен, санитарлық кітапшаларды бергені үшін жүгінген тұлғалардың қаражатын алаяқтық жолмен иемденуде күдікті болды.

А. ж. 19 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Ихсанғалиева 480 мың теңге көлемінде айыппұлға сотталды.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны