03.04.2020, 16:19 3959

Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының бұрынғы директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және қызметтік жалғандығы үшін сотталды

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының бұрынғы директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және қызметтік жалғандығы үшін сотталды.

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы" ШЖҚ ҚМК директорының міндетін атқарушы И. Молдағалиевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау бойынша сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады.

Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туылған нәрестені өлі туған ретінде көрсетіп, оны патологоанатомиялық зерттеудің хаттамасына көрінеу жалған ақпарат енгізу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікті болды.

А.ж. 28 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен И. Молдағалиев 1 325 500 теңге көлеміндегі айыппұлға сотталды.

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны