15.08.2026, 16:36 49731

Атырау облысында лотос фестивалі ашылды

Атырау облысында лотос фестивалі ашылды
Сурет: Gov.kz
Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында "LOTUS FEST-2026" мәдени-туристік фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Gov.kz

Фестиваль лотос алқабының табиғи ерекшелігін танытып, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға бағытталды.

Gov.kz

Бұл іс-шара - лотос алқабының табиғи сұлулығын көпшілікке танытып қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, осындай ерекше табиғи нысандарды туристік бағытқа айналдырып, Атырауға келетін қонақтар санын көбейтуге жол ашады,- деді аудан әкімі.

Gov.kz

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендер алдында "Sarmad" этно-фольклорлық ансамблі, "Жайық қызы" халықтық би ансамблі өнер көрсетіп, эстрада жұлдызы Қуандық Рахым ән шырқады.

Gov.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны