03.04.2020, 16:34 6494

Атырау облысының әкімі әскерилерді қабылдады

Батыс аймағының әскери прокуроры Нұрлан Айтуғанов жиналғандарға гарнизондағы өзекті мәселелерді көтеріп, көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан бірқатар проблемалық сұрақтарды облыс әкіміне жеткізді.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Атырау облысының әкімі әскерилерді қабылдады.

Атырау облысының әкімшілігінде Батыс аймағы әскери прокуратурасының ұйымдастырумен Атырау гарнизонының әскери басқару және құқық қорғау органдарының Ведомствоаралық кеңесінің отырысы өтті.

Аталған кеңеске Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов және Атырау гарнизонының барлық әскери бөлімдерінің командирлері мен мекеме басшылары қатысып, 2019 жылғы атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер мен мәселелер талқыланды.

Батыс аймағының әскери прокуроры Нұрлан Айтуғанов жиналғандарға гарнизондағы өзекті мәселелерді көтеріп, көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан бірқатар проблемалық сұрақтарды облыс әкіміне жеткізді.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Батыс" өңірлік әскерлері қолбасшылығының зымыранды-артилериялық қоймасын қауіпсіз жерге көшіру, қадағалаудағы әскери бөлімдер мен мекемелерде бос орындардың көп екендігін, облыс аудандарында Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің ғимараттары мен әскерге шақыру пункттерін тұрғызу және Мемлекеттік шекараға қатысты бірқатар мәселелерді айтты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны