13.08.2019, 23:37 9433

Атырауда XXVI Республикалық өрт сөндіру-құтқару спортынан чемпионат өтті

Ер адамдардан құралған 18 команда және әйел адамдардан құралған 9 команда, жалпы есеппен 321 қатысушы адамдар өмірін құтқару кезіндегі тәжірибелерін, кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін Атырау қаласына келген болатын

Атырау.13 тамыз. Kazakhstan Today - 31 шілде күні Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы "Салтанат Сарайы"аумағындаөрт сөндіру-құтқару спортының "Оқу мұнарасының төртінші қабатының (ер адамдар) және екінші қабатының (әйел) терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу" дисциплинасы бойынша Республикалық чемпионаттың І кезеңі өтті.

Ер адамдардан құралған 18 команда және әйел адамдардан құралған 9 команда, жалпы есеппен 321 қатысушы адамдар өмірін құтқару кезіндегі тәжірибелерін, кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін Атырау қаласына келген болатын.

Жарыс әйелдердің білікті жүгірісінен басталды. Әйелдер арасындағы бұл алтыншы чемпионат.

Содан кейін жарысқа қатысушылар оқу мұнарасының жанында шабуыл сатысын көтеру кезінде өз дағдыларын, жылдамдығын және ептілігін көрсету үшін жиналды.

Спортшылар қолдарынашабуыл сатысын көтеру арқылы, ондаған метр қашықтықты жүгіріп, баспалдақты оқу мұнарасының екінші қабатындағы терезе ойығына бекітіп, сол арқылы үшінші қабатқа, одан кейін 4-қабатқа көтерілу керек болатын.

Бүгінгі чемпионат өрт сөндіруші-спортшылардың физикалық дайындығы өте жоғары екенін көрсетті.

Сонымен қатар, бүгін чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті, оған ҚР ІІМ министрі басшысының орынбасары - Ю.В. Ильин, Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Б.Таубаев қатысты.

Атырау облысы әкімінің орынбасары өз сөзінде: "Атырау қаласында өтетін чемпионат есте қаларлық оқиға болатынына, ал қатысушылар біраз уақыттан кейін әлемдік спорт жұлдызына айналып, тек Республиканың ғана емес, әлемнің ең беделді спорттық марапаттарын алатынына сенімдімін," - деп атап өтті.

ҚР ІІМ Министрінің орынбасары өз сөзінде өтіп жатырған чемпионаттың маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға табыс пен кәсіби жеңістер тіледі.

Содан кейін бүгінгі кезең бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Әйелдер арасындағы жартылай финалға Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларының спортшылары өткен болатын.

Әйелдер арасында "шабуыл сатысымен көтерілу" кезеңі бойынша Гипкина Елена (Нұр-Сұлтан қаласы) Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Күміс медальді Бекмұхамбетова Виктория (Ақтөбе қаласы) иеленсе, қола медальді Саблина Наталья (Шымкент қаласы) жеңіп алды.

Ерлер арасынан жартылай финалға ШҚО мен БҚО, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының спортшылары өтті.

Ерлер арасынан Буторин Николай (Атырау қаласы) Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Күміс медальді Қайсарбеков Жасұлан (Атырау қаласы) қанжығасына байлап, қола медальді Снигерев Дмитрий (ШҚО) жеңіп алды.

1 тамызда Самал ықшам ауданында орналасқан өрт сөндіру бөлімінің аумағында қатысушылар кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту кезеңі бойынша бақ сынасты.

Үш күн ішінде Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан жиналған өрт сөндірушілер жауынгерлік рухын, төзімділігін, ептілігі мен кәсіби дайындығын көрсетті.

Чемпионат жеңімпаздары қыркүйек айында Қостанай қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны