03.02.2012, 15:04 15734

Ауа райы ақпанның екінші жартысында жылынады деп күтілуде

Қазір Шығыс Еуропа мен еліміздің солтүстік бөлігін қамтыған антициклон жылы ауа ағымын ысырып, елдің оңтүстік батыс аймағына ауысуда. Бұл мәліметті Қазгидромет орталығы таратты. 4 ақпанда күн аздап жылынады, кей жерлерде қар жауып, жел күшейіп, тұман болуы мүмкін. Келесі күні-ақ, қайтадан қатты суық болады.

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - Ауа райы ақпанның екінші жартысында жылынады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақпан айының ортасына дейін Қазақстан аймақтарында суық ауа райы сақталады.

Қазір Шығыс Еуропа мен еліміздің солтүстік бөлігін қамтыған антициклон жылы ауа ағымын ысырып, елдің оңтүстік батыс аймағына ауысуда. Бұл мәліметті Қазгидромет орталығы таратты. 4 ақпанда күн аздап жылынады, кей жерлерде қар жауып, жел күшейіп, тұман болуы мүмкін. Келесі күні-ақ, қайтадан қатты суық болады.

Ауа райын болжау орталығының мамандары ақпанның екінші жартысында ғана суықтың беті қайтып, күн жылынады дейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны