18.09.2006, 09:32 3359

Ауа райын бақылаушылар Солтүстік, Батыс және Орталық Қазақстанда қар жауып, қатқақ болады деп ескертуде

АЛМАТЫ. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ауа райын бақылаушылар Солтүстік, Батыс және Орталық Қазақстанда таяу күндерде қар жауып, қатқақ болады деп ескертуде. "Қазгидромет" РМК осындай ескерту жариялады.

Болжамға сәйкес, алдағы тәуліктерде Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай Ақмола және Павлодар облыстарында жаңбырдың соңы қарға ұласып, сынап бағанасы 0 - минус 3 градусқа дейін төмендейді. Қарағанды облысында қыркүйектің 19-ынан 20-ына қараған түні сынап бағанасы минус 5 градусқа дейін төмендейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны