04.02.2010, 14:49 3267

Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты Алматы - Өскемен автожолының бөлігі жабылды

Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты Алматы - Өскемен автожолының бөлігі жабылды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты Алматы - Өскемен автожолының бөлігі жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ауа райының қолайсыз жағдайына, атап айтсақ, жылдамдығы 20 м/с дейін ұйытқыма жел, үздіксіз қар, қарлы боран соғуына және көрінудің шектеулігіне байланысты 2010 жылғы 4 ақпанның сағат 09.00-дағы қозғалыс мүмкіндігі "Алматы - Өскемен" автожолының "Аягөз - Үшарал" учаскесінде автокөліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды. Аталған учаскелерде тұрақты қалыпта "Қазақавтожол" РМК-ның 7 жол-пайдалану техникасы жұмыс жасауда.

Уақытылы көмекті қамтамасыз ету мақсатында аралап-көру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Республикалық маңызы бар басқа автожолдарда жол ашық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны