18.01.2012, 12:24 3267

Ауа-райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар республикалық маңызы бар тасжолдарындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қатты аяз бен боранға байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдар жабылды. Бұл туралы бүгін "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 18-қаңтар. Kazakhstan Today - Ауа-райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар республикалық маңызы бар тасжолдарындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қатты аяз бен боранға байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдар жабылды. Бұл туралы бүгін "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, кеше сағат 22:30-дан бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астанадан жолаушылар және дизельдік отынмен жүретін автокөліктердің жолға шығуына тыйым салынды. Бүгін таңғы сағат 07:50-ден бастап көлік қозғалысы қалыпты тәртіпке көшірілді.

Сонымен қатар, қатты суықтың салдарынан кеше сағат 20:30-дан бері Павлодардан барлық бағыттарда жолаушылар және дизельдік отынмен жүретін автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды. Бүгін таңертең сағат 06:30-кейін жолдар ашылды.

Ал Ақтөбе облысы аумағында Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де қатты боранның салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 98-142-нші шақырымындағы Ембі-Бершоғыр аралығында көліктің барлық түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды. Бүгін сағат 07:00-ден бастап көлік қозғалысы қалыпты режімге көшірілді. Сондай-ақ кеше кешке осы өңір аумағынан өтетін "Самара-Шымкент" жолының 615-526 шақырымындағы Қобда-Орал шекарасы аралығында барлық көліктердің қозғалысы шектелді.

Мұнымен қоса, кеше сағат 21:30-дан бастап Батыс Қазақстан аумағындағы қатты боранға байланысты "Самара-Шымкент" автожолының 394-526 шақырымындағы Жымпиты-Ақтөбе облысы шекрасы учаскесінде көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысындағы боран салдарынан "Омбы-Майқапшағай" автожолының 733-587 шақырымындағы Семей-Павлодар облысы шекарасы аралығында жолаушылар және дизельдік отынмен жүретін көліктер үшін жол жабылды. Бүгін сағат 07:00-ден бастап көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.

"Қазақавтожол" РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-47-77. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

"Қазақавтожол" РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:

Ақмола облысы /7162/ 77-10-15

Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74

Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36

Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80

Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98

Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05

Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10

Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01

Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30

Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06

Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07

Павлодар облысы /7182/ 57-09-44

Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39

Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны