18.03.2013, 19:20 3682

Аудандарда кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтары ашылады

Бұл жөнінде бүгін "Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары" тақырыбын арқау еткен баспасөз мәслихатында ҚР Өңірлік даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.

Астана. 18-наурыз. Kazakhstan Today - Аудан оралықтарында кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде бүгін "Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары" тақырыбын арқау еткен баспасөз мәслихатында ҚР Өңірлік даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.

Кәсіпкерлікті дамыту орталықтары бүгінгі күні республикада 24 моноқалада жұмыс істеп жатыр. Биылғы жылы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін қалған үш қалада ашылмақ.

"Қазір біз бұл тәжірибені аудан орталықтарында таратуды ұсынып отырмыз. 153 аудан орталығы бар. Бұл мәселе қазіргі күні қарастырылып жатыр. Осы ретте айту керек, бұл орталықтарда кәсіпкерлерді оқыту көзделіп отыр", - деп атап өтті Жолдыбаева.

Оның айтуынша, мұнымен қатар мобильдік кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтары да жұмыс істейтін болады. Мамандар алыс ауылдарға шығып, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау тетіктерін жеткізеді. Өткен жылы бес өңірде мобильдік орталықтар іске қосылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны