17.04.2020, 16:23 5110

Аудандық сот Бурабай кентінің тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты

Енді ол 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Бурабай аудандық соты ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша Бурабай кентінің тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Ол халық тұтынатын тауарларды жеткізумен айналысатын және блок-бекеттерді кесіп өтуге рұқсаты бар кәсіпорынның қызметкері болып табылатыны анықталды.

Сондықтан тәртіп бұзушы жағдайды пайдаланып, пайда жасау мақсатында интернет-ресурстарда ақылы негізде адамдарды тасымалдау туралы хабарландыру берді.

Іскер жас жігіт адамды "FAW" маркалы автокөлігімен блок-бекет арқылы алып өтуге әрекет жасаған кезде ұсталды.

Енді ол 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

Басқа жағдайда Көкшетау қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғындарына төтенше жағдай режимі кезеңінде облыс орталығының тұрғындарына жолаушылар тасымалының (такси қызметі) қызметін жүзеге асыру және кедергісіз жүріп-тұру үшін жалған анықтамалар берген азаматтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері планшеттерде орнатылған электронды база арқылы тексеру кезінде ашты.

Мамандандырылған әкімшілік соты 40 жастағы облыс тұрғынына ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 1 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын (ӘҚБтК-нің 476-бабы - 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу), төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын (ҚК-нің 379-бабы-2 мың АЕК айыппұлдан 2 жылға бас бостандығынан айыруға дейін), құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын (ӘҚБтК-нің 667-бабы - 40 АЕК айыппұлдан 10 тәулікке қамауға алуға дейін) естеріңізге саламыз.

Облыс тұрғындарын уақытша шектеу шараларын сақтауға қайта шақырамыз.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны