12.01.2016, 18:01 4004

Иуе қорғанысы күштерініӊ авиациялық бөлімдері оқу жылын командирлік ұшулардан бастады

Бүгін, Қазақстан Искери-әуе күштерініӊ барлық авиациялық базаларында жаӊа 2016 оқу жылы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес командирлік ұшуларды ұйымдастыру мен өткізуден басталды

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін, Қазақстан Искери-әуе күштерініӊ барлық авиациялық базаларында жаӊа 2016 оқу жылы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес командирлік ұшуларды ұйымдастыру мен өткізуден басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Осынау үшулардыӊ мақсаты пилотаждау шеберлігінде ұшу дағдысын тағы бір мәрте бекіту және меӊгеру болып табылады. Ұшу құрамымен алдын ала аталған жағдайларда ұшу даярлығыныӊ түрлері бойынша сабақтар өткізілді. Сонымен қатар басшылық ұшу құрамыныӊ білімі тексеріліп, әзірлігі бақыланды. Командирлік ұшулар басшылық ұшу құрамыныӊ тағы бір рет өзініӊ ұшу шеберлігін, машығын игеріп, жетілдіру үшін маӊызды қадамныӊ бірі болып табылады", - деді Искери-көлік авиациясыныӊ авиациялық жасақ командирі подполковник Саламат Сатыбалдин. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазақстанныӊ Искери-әуе күштері үшін бұл жай дәстүр ғана емес, нақ осы кезеӊде авиациялық бөлімдердіӊ командирлері жаӊа оқу жылындағы ұшулардыӊ басталуыныӊ іргетасын қалайды. Алғашқы командирлік ұшулар көрсетілімді болып келеді. Бұл ұшу алдындағы даярлық, тапсырмалар беруден бастап талқылаумен аяқтай отырып, ұшуларды ұйымдастыру мен өткізудіӊ өзіндік бір үлгісі іспетті.

Алдағы ұшуларға мұқият жерүсті даярлық, рұқсатнамаға алуға, жаттығуларға сынақ тапсыру себеп болды. Ұшуларға авиациялық базалардыӊ басшылық құрамы ИИК қолбасшысы басқармасыныӊ инспектор ұшқыштары қатысты.

Командирлік ұшулардыӊ тақырыбы әртүрлі болды, ол командирлермен айқындалып, авиациялық бөліммен шешілетін тапсырмаларға байланысты болды. Командирлік ұшуларда ұшақтар мен тікұшақтардыӊ жаӊа үлгілерін (түрленуін) игеру кезінде ұшу құрамын оқып-үйрету жөніндегі практикалық нұсқамалық дағдыны тексеру және пысықтай отырып, бірыӊғай әдістеме әзірленді.

Командирлік ұшулар барысында нұсқаушы ұшқыштардыӊ нұсқаулық-әдістемелік білімдері тексеріліп, жеке машықтары жетілдірілді, сондай-ақ ұшуларды басқару тобымен экипаждардыӊ өзара іс-қимылы пысықталды.

"Осы күні әскери әуейлақтарда жинақтаған тәжірибесін жас мамандарға көрсете және бөлісе отырып, тек қана жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды", - деп атап өтті ҚР ҚК ИҚК Искери-әуе күштерініӊ қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.

Командирлік ұшулардыӊ мақсатына қол жеткізілді. Ұшуларды ұйымдастыру мен орындау, шеберлікті, жауынгерлік дағды мен ұшулар қауіпсіздігін арттыру жөнінде авиациялық базалардыӊ басшылық құрамына ұсынымдар әзірленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны