04.09.2015, 16:49 4297

Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерініӊ 120 жас офицеріне алғашқы жауынгерлік тексеріс ұйымдастырылды

Қарағанды облысына қарасты "Сарышаған" полигонында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімдері жас лейтенанттарыныӊ далалық жиыны аяқталды.

Астана. 4 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысына қарасты "Сарышаған" полигонында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімдері жас лейтенанттарыныӊ далалық жиыны аяқталды. Офицерлер ҚР заӊдары мен нормативтік актілерін, әскери жарғыларды, атыс, арнайы және дене даярлығы ережелерін егжей-тегжейлі зерделеді, психологиялық тестілеу тапсырып, Макаров тапаншасын жауынгерлік қолдану шеберлігі мен өздерініӊ мергендіктерін паш етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиын ҚР ҚК ИҚК ИШҚҚ әскерлері қолбасшысыныӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Нұрлан Досмағамбетовтіӊ басшылық етуімен өтті. "Жас офицерлерге ҚР ҚК бөлімдерінде алдағы әскери қызметке бейімделу, қажетті жауынгерлік машықты игеріп, жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін іс жүзінде барынша қолдану қажет. Мұныӊ барлығына далалық жиындар керемет ықпал етеді деп ойлаймын", - деді ол. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда өздерініӊ білімдері мен мүмкіндіктерін тексере отырып, лейтенанттар әскери бөлімдерде қызмет етуге кірісті. Жыл сайын әуе шабуылына қарсы қорғаныстыӊ қатары еліміздіӊ жоғары әскери оқу орындарыныӊ түлектерімен толықтырылып жатқанын атап өткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны