17.04.2015, 20:32 4420

Иуежайда жанар-жағармай ұрлаған азамат ұсталды

Тексеру барысында Камаз автокөлігініӊ 23 куб.м бойлер тіркемесінен еш құжаттарынсыз 38 тонна жанар-жағармай анықталды.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаласыныӊ халықаралық әуежайындағы Желілік полиция бөлімініӊ қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында Камаз автокөлігініӊ 24 жастағы жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барысында Камаз автокөлігініӊ 23 куб.м бойлер тіркемесінен еш құжаттарынсыз 38 тонна жанар-жағармай анықталды.

Аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексініӊ 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе ст. ІІЖБ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны