25.12.2007, 17:08 3972

Ауған соғысының ардагерлері жергілікті бюджет есебінен мектептерде әскери-патриоттық клубтар құруды қолдайды

Ауған соғысының ардагерлері жергілікті бюджет есебінен мектептерде әскери-патриоттық клубтар құруды қолдайды

Алматы. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ауған соғысы ардагерлері ұйымының қауымдастығының пайымдауынша, жергілікті бюджет есебінен әрбір мектепте әскери-патриоттық спорттық клубтар құру қажет. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің ерікті қоғамының төрағасы Сергей Махашев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітіліген 2006 - 2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты іс-шаралар жоспарында балалар, жасөспірімдер мен жастардың әскери-патриоттық, спорттық, техникалық оқытатын компьютерлік клубтарды, көркемдік секцияларды, кітапханаларды дамытуға

бюджеттен бір тиын да қарастырылмаған. Біздің пайымдауымызша - бұл өте үлкен қателік. Біз бұл мәселені келесідей қоямыз: бір мектеп - бір жасөспірімдер немесе жастардың әскери-патриоттық спорт клубы. Және де бұл жергілікті бюджеттен қаржыландырылуға тиіс",- деді С. Махашев.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатына қатысушылар жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін құру туралы ұсыныс айтты. С. Махашевтің айтуынша, бұл мақсатта республикалық офицерлер үйі мен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінің инфрақұрылымын оның базасында жастарды патриоттық тәрбиелеудің әдістемелік және идеологиялық орталықтарын ұйымдастыру үшін "ауған қозғалысына" беру қажет. "Ауғандықтарда" қажетті мамандар бар, деді С. Махашев.

25-желтоқсанда "ауған соғысының" ардагерлері Ауғанстанға кеңес әскерінің кіруінің 28 жылдығын атап өтпек.

Қауімдастықтың мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнде Қазақстанда 100-ден астам ардагерлер ұйымы тіркелген. Олардың 34-і 2005 жылы құрылған "Қазақстаның ардагерлері" атты Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымының қауымдастығына кіреді. 22 мыңнан астам қазақстандық "ауған соғысын" бастан кешіріп, 88 адам қайтыс болған, 21 адам - хабар ошарсыз кетсе, мыңға жуық адам мүгедек болып қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны