17.07.2008, 09:58 1360

Ауғанстан, Иран және Тәжікстан елдері трансшекаралық темір жол салуға келісуде

Ауғанстан, Иран және Тәжікстан елдері трансшекаралық темір жол салуға келісуде

Алматы. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Парсытілді үш мемлекет - Ауғанстан, Иран және Тәжікстан елдері осы үш елді қосатын трансшекаралық темір жол тармағын салу мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы "Тәжік темір жолы" мемлекеттік біртұтас кәсіпорны бастығының орынбасары Владимир Собкалов кеше журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі CA-News агенттігіне сілтеме жасап.

В. Собкаловтың айтуынша, үш елдің теміржолшыларының жұмыс тобының кездесуі келесі аптада Ауғанстанда өтеді. Олар жолдың өтетін орнын қарастырып, айқындайды. Тәжік жағы Ауғанстан шекаарсына дейінгі жол тармағының техника-экономикалық негіздемесін дайындап қойған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бұл мәселені осы жылдың тамыз айының аяғында Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті шеңберінде өзінің Ауғанстандық әріптесі Хамид Карзаймен және Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадпен бірлесе қарайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны