24.04.2009, 15:52 3129

Ауғанстанда болу мерзімі ұзара түскен сайын АҚШ әлсірей бермек - АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі

Ауғанстанда болу мерзімі ұзара түскен сайын АҚШ әлсірей бермек - АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ауғанстанда болу мерзімі ұзара түскен сайын АҚШ әлсірей бермек. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан VIII Еуразиялық медиафорумда АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі, АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы бұрынғы елшісі Залмай Халилзад мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Оның айтуынша, "Ауғанстан - президент Обаманың сыртқы саясатына баға беретін нақты тест болып шықпауы керек, мәселенің түпкі тамырына үңілу керек, Америка Құрама Штаттарына қарсы шығатын, наразы экстремистік топтар не себепті әлемде бар деген сұраққа жауап табуға тырысу керек".

"Өз басым АҚШ-тың палестиндіктердің түпкілікті мүддесіне қарсы, жалпы мұсылмандардың мүддесіне қарсы Израильге қатысты біржақты саясаты дүниежүзіндегі қазіргі шиеленісті жағдайға басты себепкер деген кәміл сенімдемін. Бұл АҚШ-тан осындай себепті батылдықпен мойындауды талап етеді. Сондықтан, осыны сезінбей, Ауғанстанда болу мерзімі ұзара түскен сайын АҚШ әлсірей беретіні анық. Ауғанстанның тарихта біршама тегеурінді империяларды табытқа айналдырғанын ұмытпау керек", - деді З. Халилзад.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны