29.12.2008, 12:38 1474

Ауғанстанда қуаты 5 балл жер сілкінісі болды

Ауғанстанда қуаты 5 балл жер сілкінісі болды

Душанбе. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ауғанстан аумағында бүгін қуаты 5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Душанбе сейсмостанциясының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі сағат 08.38-де тіркелді. Ақпарат көзінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырымда, Ауғанстан аумағында болған. Бұл жерде қуаты 5 балл, Душанбеде - 3-4 балл, Нүректе - 3 балл жер асты дүмпулері сезілді.

Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны