26.06.2015, 15:57 3861

Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ алқа отырысында "Агробизнес 2020" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мал шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу саласыныӊ дамуы талқыланды.

Іс-шараға облыс әкімдіктерініӊ өкілдері, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингініӊ, ғылыми-зерттеу ұйымдарыныӊ өкілдері, жануарлар тұқымдары бойынша республикалық палаталардыӊ, қоғамдық бірлестіктердіӊ басшылары қатысты

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - Іс-шараға облыс әкімдіктерініӊ өкілдері, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингініӊ, ғылыми-зерттеу ұйымдарыныӊ өкілдері, жануарлар тұқымдары бойынша республикалық палаталардыӊ, қоғамдық бірлестіктердіӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда мал шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы шығарылымы 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша 1189,6 млрд. теӊгені құрады, 2013 жылдыӊ осы кезеӊіндегі деӊгейден 3,9%-ға артқан.

Былтырғы жылдыӊ қорытындысы бойынша етті және сүтті бағыттағы фермерлік шаруашылықтар құру бойынша жүзеге асырылатын "Ырыс", қой шаруашылығында "Алтын асық", жылқы шаруашылығында "Құлан" несиелеу бағдарламалары аясында республика бойынша 87,0 мыӊ бас қойдыӊ аналық басы, 11,6 мыӊ бас жылқыныӊ аналық басы сатып алынды, сондай-ақ 32 бірлік 50,100 және 200 басқа жанұялық сүтті-тауарлық фермалар желісі құрылды.

Соӊғы 5 жылда асыл тұқымды мал шаруашылығына және мал шаруашылығы өнімдерініӊ сапасын жоғарылатуға субсидия көлемі 3 еседен аса өсті. Бұл ретте, кіші және орта фермерлік шаруашылықтар басымдылық тәртібінде субсидияланады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков, субсидияландыру қағидаларымен бекітілген критери мен талаптарды ұстанудыӊ, облыс әкімдіктерініӊ мал шаруашылығы саласын қолдауға бөлінген бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану және оныӊ барлық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету маӊыздылығын атап өтті.

Алқа отырысы барысында жергілікті атқарушы органдарымен осы уақытқа дейін ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарын жүргізуді субсидиялаудыӊ басым бағыты бойынша былтырғы жылы тауарөндірушілерге төленбеген 400 млн. теӊге көлеміндегі (25 мыӊ мал басы) субсидиялардыӊ әлі де төленбей отырғаны аталып өтті. Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі және Премьер-Министрдіӊ Бірінші орынбасарыныӊ өсімдік шаруашылығынан қайта бөлу арқылы мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялау нормативтерін арттыру бойынша тапсырмаларыныӊ кейбір облыс әкімдіктерімен пысықталмағандығы аталып өтілді.

Мал шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу саласыныӊ дамуы, сонымен қатар Облыс әкімдіктерімен "Ірі қара мал етініӊ экспорттық әлеуетін дамыту" бағдарламасыныӊ жоспарлық көрсеткіштерініӊ орындалуы туралы Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өӊдеу департаментініӊ директоры Е.Ахметов хабардар етті.

Жобаныӊ жүзеге асырылуынан бастап қатарға жалпы қуаттылығы 146,0 мыӊ малорынды 193,0 бордақылау алаӊы енгізілді. "Сыбаға" бағдарламасы шеӊберінде 231,0 мыӊ ІҚМ аналық басы сатып алынды. Тұқымдық түрлендірумен ІҚМ аналық мал басыныӊ жалпы санынан 23% аса немесе 647,0 мыӊ бас қамтылды.

2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша 12 мыӊ тонна ет және ет өнімдері, оныӊ ішінде 6,3 мыӊ тонна сиыр еті экспортталды. Ағымдағы жылдыӊ бес айында экспортталған еттіӊ барлық түрі 4,4 мыӊ тоннаны құрады.

Сондай-ақ, алқа отырысы барысында Мемлекет басшысыныӊ "100 нақты қадам" стратегиялық бағдарламасымен айқындалған, бес институттандыру реформасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша шаралар талқыланды.

Алқа отырысыныӊ қорытындысы бойынша облыс әкімдіктеріне шебер-жоспарлардыӊ және "Ірі қара мал етініӊ экспорттық әлеуетін дамыту" жобасыныӊ жоспарлы индикативтік көрсеткіштерініӊ орындалуын, сондай-ақ мал шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджеттік қаржыларды тиімді және уақытылы пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны