19.07.2013, 14:29 17000

Ауыл тұрғындары ұзақ өмір сүреді

Ақмола облысының статистика департаментінің қызметкерлері "ауыл тұрғындары ұзақ өмір сүреді" деген байлам жасап отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Астиана. 19-шілде. Kazakhstan Today - Ауыл тұрғындары ұзақ өмір сүреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысының статистика департаментінің қызметкерлері "ауыл тұрғындары ұзақ өмір сүреді" деген байлам жасап отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

2012 жылғы Ақмола облысы халқының болжанған өмір ұзақтығы 67,46 жылды құрады. Соның ішінде ер азаматтар әйелдерге қарағанда (72,79 жас) едәуір аз өмір сүрген (62,52 жас).

Қала тұрғындарымен (67,07 жас) салыстырғанда ауылдықтар (67,91 жас) ұзақ өмір сүреді.

2012 жылы жалпы өмір сүру ұзақтығы (63,71 жас) 2003 жылмен салыстырғанда 3,75 жылға ұлғайған. Өткен он жылда ерлердің жасы 4,05 жылға, әйелдердің жасы 3,27 жылға өскен.

Атап айту керек, облыстағы халықтың өмір сүру ұзақтығы орта республикалық көрсеткіштен (69,61 жас) 2,15 жылға төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны